СОР № 1 Казахский язык 9 класс Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Задание:

Мәтінге қажетті тыныс белгісін қойыңыз.

Табиғат пен қоғамның өзара әсері Адамзат өз өміріне қажет материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты сондықтан адамзат болашақта күйзеліске ұшырамас үшін табиғат пен толық үйлесімде болып оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануы тиіс. Адамның өндірістік іс-әрекеті қоғамдық формация өндірісі неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде. Табиғат ресурстарын пайдаланып оны қайта жаңғырту арқылы адамдар белгілі мөлшерде табиғатқа өзгеріс енгізіп зиян келтіреді. Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы қоғамның материалдық және мәдени байлығын көтерумен қатар қоршаған ортаның ластануына экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады сондықтан қазіргі экономикалық өсу жағдайындағы табиғат пен қоғамның үйлесімділік жолын іздестіру еліміздің негізгі қарастыратын басты мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде экономикалық ұтымдылық ұғымын экологиялық ұтымдылық ұғымымен алмастыруды ірі өнеркәсіптерде табиғи ресурстарды сақтап экологиялық жағынан тиімді технологияларды қолдануды қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруді көздейді. Адамның бірқалыпты өмір сүруіне таза ауа ауыз су қажет болса шаруашылықта пайдаланатын су мен табиғат кешендерін қорғаудың да маңызы зор.

Решение:

Табиғат пен қоғамның өзара әсері.Адамзат өз өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат  ресурстарының қорына байланысты. Сондықтан адамзат болашақта күйзеліске ұшырамас  үшін    табиғатпен толық үйлесімде болып, оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануға тиіс. Адамның  өндірістік іс-әрекеті – қоғамдық формация өндіріс неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері  әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.Табиғат ресурстарын пайдаланып, оны қайта жаңғырту арқылы адамдар белгілі мөлшерде табиғатқа өзгеріс енгізіп зиян келтіреді. Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы қоғамның материалдық және мәдени байлығын көтерумен қатар қоршаған ортаның ластануына экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.Сондықтан қазіргі экономикалық өсу жағдайындағы табиғат пен қоғамның үйлесімділік жолын іздестіру еліміздің негізгі қарастыратын басты мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде экономикалық ұтымдылық ұғымын, экологиялық ұтымдылық ұғымымен алмастыруды ірі өнеркәсіптерде табиғи ресурстарды сақтап,экологиялық жағынан тиімді технологияларды қолдануды қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруді көздейді. Адамның бірқалыпты өмір сүруіне таза ауа ауыз су қажет болса,шаруашылықта пайдаланатын су мен табиғат кешендерін қорғаудың да маңызы зор.