СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
НазадМ. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
Задание:
Үзіндіден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тауып, қолданысына талдау жасаңыз. Автор стилін анықтаңыз.
«…Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді. Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің мұндай жердегі салты бойынша әкесі де тұспалдып, орағытып, ұқтырмай сөйлейді. Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгермей, адасып қап отыр… Кейбір өзі білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап қалады… Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жалтұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші» (сонда, 1-кітап, 17,18беттер).