СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Задание:

Мәтінді оқи отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ фильмдерінің қазіргі күйі Кезіндегі «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште» секілді еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сүйсініп көрген қазақ киноларының жайы бүгінгі таңда мүшкіл болып отыр. Қаптаған үнді мен түрік сериялдарын көрсетпейтін арна жоқтың қасы. Қай арнаны ашсаң да, тәрбие мен мәні жоқ сериялдар көрсетіліп, жастарымыздың санасын улап, кері тәрбие беруде. Бұл орайда, ең бірінші айтарымыз, қазіргі күні шығарылып отырған қазақ филімдері болмақ. Режиссерлеріміздің табысты да таласты фильмдерінің бірі деп «Жаужүрек мың бала» фильмін алсақ та, оның да кемшіліктері жоқ емес. «Шал» фильмінде айдалада қойларын құшақтап қалған егде қартты көрсетілсе, іле-шала «Кемпір» фильмі жарық көрді. Отбасының әр мүшесіне арнап режиссерлер кезектесе кино шығарып жатқан секілді. Жақында ғана жарық көрген «Келинка Сабинка» қысқаметражды фильмі бұған дәлел. Егер ол фильмді шетел азаматтары көрсе, нағыз ұят сонда болмақ. Себебі сол кинода келін мен ене арасындағы сыйластықтың жоқтығы, олардың ит пен мысықша ырылдасып жүргені айқын көрсетілген. Неліктен нағыз қазақ берер тәрбиені айқындайтын, әр азамат сүйсіне отырып көретін фильм шығаруға режиссерлеріміздің қауқары жетпейді? Голливуд жұлдыздарына еліктеген актерлеріміз де, фильмнің жанын түсініп, табиғатына ене алмай жатыр. Бұған себеп туа біткен дарын мен бойға біткен білімнің кемшілігі шығар. Алайда білім алу үшін алға жетелейтін күш болу керек. ХХІ ғасырдың мотивациялық күші ақша дей келсек, сол ақша бүгінгі актерлеріміздің қажеттіліктерін толықтырмай отыр. Атақты актер Тұңғышбай әл-Таразидің өзі қарапайым жұмысшыдан аз айлық алмаса, көп алмайды. Мұндай жағдайдан соң елімізде актерлік мамандықтарға деген қызығушылық та күрт төмендеуі хақ. Сұрақтар:

(a) Қазақ режиссерлерінің ұлттық құндылықтарды насихаттайтын фильмдер түсіре алмауына не себеп болып отыр? Екі себебін жазыңыз. ____________

(b) Автор не себепті қазақ фильмдерін шетелдіктерге көрсетуге ұят деп санайды? Екі дәлел келтіріңіз. ___________

(c) Актерлік мамандықтарға сұранысты жоғарылату үшін не істеу керек? Екі ұсыныс жазыңыз. _____________

(d) Актерді қаржылық тұрғыдан үкіметтің қамтамасыз етуі қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өз ойыңызды жазыңыз. ______________

Решение:

(а)Қазақ режиссерлерінің ұлттық құндылықтарды насихаттайтын фильмдер түсіре алмауына не себеп болып отыр? Екі себебін жазыңыз.

1.Көрермендердің қызығушылықпен тамашалайтын киноға деген талғамдарының өзгеруі.

2.Режиссерлердің голливуд кино әлеміне еліктеуі.

(b)Автор не себепті қазақ фильмдерін шетелдіктерге көрсетуге ұят деп санайды? Екі дәлел келтіріңіз.

1.Қазіргі қазақ фильмдерінде нағыз қазақи тәрбиеліктің жоқтығы.

2.Өзге ұлтқа қазақ халқының салт-дәстүрін теріс мағына да жеткізуі.

(c)Актерлік мамандықтарға сұранысты жоғарылату үшін не істеу керек? Екі ұсыныс жазыңыз.

1.Жастардың кино әлеміндегі ерекше құндылықтармен таныстырып,қызықтыра білу қажет.

2.Актер болып қызмет атқарудың пайдалы және табысты жақтарын насихатттау керек.

(d) Актерді қаржылық тұрғыдан үкіметтің қамтамасыз етуі қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өз ойыңызды жазыңыз.

Менің ойымша, бұл ұғым дұрыс емес деп есептеймін.Актерлер басты жұмысы халыққа қызмет ету болып табылады.Яғни,халыққа тәрбиелікті,салт-дәстүрлерді,болашаққа барынша пайдасы бар дүнені насихаттау.Сәйкесінше актердің фильмге түскеніне өз басшылары қаржы төлейтіні белгілі.Ал үкіметтің бұл салаға тікелей қатысы жоқ деп ойлаймын.