СОР № 1 Казахский язык 11ОГН класс Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер
НазадЕңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер
Задание:
Берілген мәтінді негізге алып, «Жұмысқа оңай әрі тез орналасу үшін жасайтын негізгі қадамдар» деген тақырыпта мақала жазу үшін күрделі жоспар құрыңыз.
Жұмыс іздеу сырлары Жаңа жұмыс іздеп жүрсіз бе? Жұмысқа еш қиындықсыз орналасуда қателік жібермес үшін мына кеңестерге назар салыңыз. Түйіндеме 1. Түйіндемеңізді бірнеше мекемелерге жіберіп, біреуінен хабар келіп қалар деп ойламаңыз. Түйіндемеңізді жіберген әр компанияның аты, айналысатын жұмысынан хабардар болғаныңыз дұрыс. 2. Әрбір мекеме үшін түйіндемені жаңаша құрастырыңыз. Қосымша білім, қызығушылық, мақсат, өзім жайлы деген бөлімдерді мекеменің жұмыс істеу саласы мен өзіне тән ерекшелігіне сай толтырыңыз. Келесі күні сол компанияға қоңырау шалып, түйіндемеңіздің жеткен-жетпегені жайлы сұраңыз. Сіз осылайша тек осы мекемеде жұмыс істеуге ниеттенгеніңізді көрсетесіз. 3. Кейбір компанияларда түйіндемеге қосымша электронды хат жіберіледі. Дәстүрлі «Қайырлы күн. Менің түйіндемемді қарастыруларыңызды сұраймын» демей, осы хатты оқитын кісі сізбен кездескісі келетіндей әсерлі етіп жазыңыз. «Тұрып» жұмыс істейтіндерге қарағанда «отырып» жұмыс істейтіндердің жалақылары көбірек болады. Мамандық атауы қаншалықты ұзын болса, мағынасы соншалықты әлсіз болады. Көптеген жұмыс орындарында «қаптаған» ережелер болады. Жұмысшылар – балалар емес, ал кеңсе – мектеп емес қой. Кейбір басшылар жұмысшылардың жұмысын қиындату үшін өз уақытын қиын ережелер жасауға жұмсайды. Пікірлесуге шақыруды күту 1. Түйіндеме жібергеніңізге бір апта өтті, бірақ жауап келмеді. Мекемеге әлденеше рет қоңырау шалып, жауаптарын сұрап, мазаламаңыз. Бос отырмай, басқа мекемелерге де түйіндеме жіберуді тоқтатпаңыз. Белгілі бір компанияға жұмысқа кіргіңіз келсе, сол мекеме жайлы барынша мол ақпарат жинаңыз. Қазірде әрбір компанияның ғаламторда өз сайты бар. Ал сәті түсіп, сол компанияға кездесуге шақырса, бар біліміңізді аямай көрсетіңіз. 2. Пікірлесу «Адам көркі – шүберек» демекші, кей компанияның белгілі киім үлгісі болады. Сондықтан кеңселік киім үлгісін кигеніңіз жөн. Кездесу барысында сол компания жайлы бірнеше сұрақтар қойыңыз. Бұл сіздің осы жұмысқа қызығатыныңызды көрсетеді. Кездесуде күлімсіреп, сұрақтарға толық жауап беріп отырыңыз. Сұрақтарға асықпай, дауыс көтермей, өзіңізге сенімділікпен жауап беріңіз. Іске сәт!
Үлгі І. Кіріспе бөлім 1. Тезис 2. Тезис
Решение:
І. Кіріспе бөлім
1. Тезис:
Адам нақты өзінің қызмет істей алатын саласын таңдауы қажет.
2. Тезис:
Қызмет істейтін саласын тапқаннан кейін,міндетті түрде сол салада практика өтіп көруі керек.
Негізгі бөлім
1.Тезис:
А сөйлем:Басшысына өзін қызметінің нағыз маманы ретінде таныстыра білуі қажет.
Б сөйлем:Қызмет етіп жатқан саласының басышысына жақсы қырын көрсете білуі тиіс.
2.Тезис:
А сөйлем:Бұған дейін жеткен жетістіктерімен бөліскені абзал.
Б сөйлем:Жұмысындағы өзге әріптестерімен барынша жақсы қарым-қатынас құра білгені жөн.
В сөйлем:Қызметкер жұмысқа деген ерекше қызығушылығын таныта отырып,қызмет істеуі қажет.
3.Тезис
Қорытынды бөлім:Әрқашан қызметкер өз саласында адал түрде жұмыс атқарғаны жөн.