СОЧ № Казахская литература 5 класс
Назад
Задание:
Райхан мен Аяның ойындағы «нағыз әже» бейнесін бейнесін талдап, эссе жазыңыз. Сөз көлемі: 70-80 сөз.
Решение:
Райхан мен Аяның ойындағы мейірімді де балажанды әженің бейнесін келтіріп көрейін: oсы күннен бастап кішкентайлар: «Бізге енді «әже» деген кісіні көрсет», — деп қыңқылдауды шығарды. Қыл бұрауды мойынға салып, алды-артқа қаратпай, алдына салып дедектетіп айдап әкететін күйкі тірліктен сәл азаттық ала қалсам, алдымен көлденеңдей беретін сәбилердің осы бір жазықсыз тілегі болды. Жан-жағымызды байқап көрсек, біз араласып жүрген таныстардың арасында кемпірі бар ешкім жоқ екен. Бір жолдасымыздың шешесі пенсия жасына жетпепті, былайша айтқанда «әже» аталуына әлі ертерек. Тағы бір таныстың үйіндегі қария ауру-сырқаулы болған соң, «әже» осы деп дабырайтып айтуға олқысындым. Мақсатым — қыздарыма өз әжем сияқты нағыз қазақи кейіптегі кейуананы керсету еді. Ондағы ойым — әже деген жарықтықтың анау-мынау қарапайым адам емес, былайғы жұрттан өзгеше, ардақты да қасиетті жан екенін сәбилер шын көңілмен сезінсін, оларды не үшін құрметтеу керегін түсіне білсін деген ниет. Бір-екі рет басына жаулық салған, мәсілі қариялар көшеде де ұшырасты. «Әже деген, міне, осындай болады», — деп, жол-жөнекей асығыс көрсеткеніме, екі қыздың көңілі көнши қойған жоқ. Олардың ұғымындағы әже бейнесі, менің сипаттауым бойынша, әлдеқайда биігірек болатын. «Әже — сендер сияқты балалардың папалары мен мамаларын өсірген кісі, — дейтінмін өзімнің олақтау тіліммен. — Өзі мейірімді де, ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», — деп жылы сөйлесетін иман жүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеме істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады…