СОЧ № Казахский язык и литература 5 класс

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Жазылым
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, сипаттау, суреттеу мәтінін жазыңыз. Мәтінде кем дегенде үш сипаттау сөзін орынды қолданыңыз және жалғауларды дұрыс жалғап жазыңыз. 100-110 сөз.

1) Менің отбасымдағы туған күн мерекесі
2) Біздің сынып
3) Менің сүйікті жануарым

Решение:

Менің сүйікті жануарым – қоян. Оны барлық ертегіде қорқақ деп сипаттайды. Көптеген мультфилмде, фильмде қоянды ақ пейілді етіп бейнелейді. Оның сүйкімді бітімін ерекше жақсы көремін. Әр қозғалысы өзіне ерекше жарасым сыйлайды. Қоянның тісі өмір бойы өсетіндіктен қатты нәрсе жегізіп қайрайды. Үйде қоян өсіруге осы себепті ата-анам рұқсат етпейді. Өзім асырайтын қояным жоқ болғанмен, суретін көп саламын. Антрактидадан басқа барлық құрлықты мекендейтін қояндар өмір сүйгіш. Оларды аңшылар жыл да қанша ауласа да, олар азаймайды. Себебі, өте берекелі жануар. Әлемде мыңдаған түрі болса да маған Қазақстандағы қояндар қызықты. Ақ қоян, құм қоян секілді түрлері біздің елде көп кездеседі. Қояндар сәбіз, копуста секілді көкөніспен қоректенеді. Қоян қыста ақ түсті болып терісі түлейді.. Жазда қоңы түсті болуы қызық. Неге бұл жануардың түстері әркелкі деген сауал толғандырды. Деректі фильмге қарасам орманда осылай өмір сүруі қауіпсіз екен. Табиғи болмысы өзгеруге бейім жануардың өмірі осылай сақталады екен. Құйрығы қысқа, құлағы ұзын болғаны қоянға көрік береді. Жаратылысының әсемдігі өзіне қызықтырады. Болашақта өзім де үйде қоян асырағым келеді. Себебі, «Қап, бәлем, тұра тұр!» мультфильмін көргенде қоянды қатты аядым. Әрр бөлімде қоянның қасқырға ұсталмауын тіледім. Жыртқыш аңға жем болмасы үшін қоянды үйде баптағым келеді.