СОЧ № Казахский язык и литература 5 класс

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Айтылым

Берілген жағдаяттың бірін таңдап, жұпта диалог құрыңыз. Диалогта қазақша амандасу және ұлттық этикет сөздерін қолданыңыз.

1) Жұпта біріңіз қарияның және баланың рөлін таңдаңыз және отбасылық дәстүр мен өзара сыйластық туралы әңгімелесіңіздер.
2) Жұпта біріңіз кітапханашы және кітап алуға келген оқушының рөлін таңдаңыз және осы жағдаятқа байланысты диалог құрыңыздар.
3) Жұпта екі достың арасында жануарларды қорғау туралы диалог құрыңыздар.

Решение:

— Сәлем, Гүлнұр!

— Сәлем, Әсия! Қалайсың?

— Жақсы, өзің ше?

— Менде де бәрі жақсы. Мектепішілік сенбілікке бара жатырсың ба?

— Ия, сен де бара жатырсың ба?

— Ия. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтатын тілі жоқ» демекші, табиғатты қорғауға және оның өсімдіктері мен жан-жануарларына қамқор болғым келеді

— Жарайсың! Мен де сол мақсатпен осындай сенбіліктерден қалмауға тырысамын. Жануарлар мен өсімдіктер табиғатты құрайды. Және олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды

— Дұрыс айтасың. Өте ертеде тіршілік еткен жануарлар қазір жоқ

— Ал өсімдіктердің біршамасы »Қызыл кітапқа» енген

— Бұның бәрі адам іс-әрекетінің арқасында ғой

— Шынымен де, адам осылай табиғатқа зиян келтіре берсе табиғат құриды. Біз оған керісінше қамқор болуымыз керек қой!

— Әрине. Кеттік, кешігіп қалмайық