СОЧ № Казахский язык 5 класс

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Ондағы көтеріліп отырған мәселелер туралы ойыңызды 5-6 сөйлеммен жүйелеп жеткізіңіз.
Балаңызға қолайлы, сәнді, ең бастысы сапалы киім іздеп жүрсіз бе? Балалар киіміне арналған қалаңыздағы дүкендер туралы ақпарат жинаудың қажет жоқ! Себебі Сіздер үшін «Балақай» дүкені кез келген талғамға сай балалар киімінің сан алуан түрін ұсынады. Сәнді костюмдер мен шалбарлар, түрлі маусымға арналған көйлектер мен жейделер! Қанық түсті, танымал брендтердің өнімі Сіздерді асыға күтеді! Біздің киімдер тек табиғи маталардан тігіледі. Сондықтан аллергия тудырмайды. Киімдер балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп пішілген, өте қолайлы. Біздің дүкенде әр күн сайын таңғы оннан кешкі жетіге дейін жаңа коллекцияларға жеңілдіктер бар. Ата-аналарға қолайлы болу үшін біздің есігіміз демалыс күндері де ашық. «Балақай» дүкені. Сіз үшін тек ең жақсысы! Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, Орталық әмбебап дүкені, 2-қабат, 56-бутик.
(мәтіннің аудиосы жазылады немесе мұғалім оқып береді)

Решение:

Егерде баланызга адемі киім іздесеніз, дүкендерді араламай бірден Балақай дүкеніне барыныз. Онда көптеген әдемі әрі сапалы киімдер бар. Сапасы жағынан да өте жоғары. Әр баланың жасына қарай түрлі киім алуға болады. Күнде 10:00 — 19:00 уақыт аралығына дейін жеңілдіктер бар