СОЧ № Казахский язык 5 класс

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

«YES» шет тілдер мектебі нарықта он алты жыл бойы сапалы қызмет ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде отыз алты мыңнан астам студенттер бізбен бірге шет тілін үйренудегі мақсаттарына қол жеткізді. Біздің мектептің қабырғасында оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік орталық жұмыс жасайды. Сондықтан Сізді тек мықты, кәсіпқой мамандар оқытатынына сенімдіміз.
Тілді жаттамайды, тілде сөйлейді! Біз флэш-ком әдісі арқылы өзіміздің тіл үйрету қағидамызды қалыптастырдық. Біздің сабақтар тек ағылшын тілінде ғана өтеді! Біздің сабақтар қарым-қатынас тәжірибесіне бағдарланған!
«YES» шет тілдер мектебі – әлемдегі ең ірі білім беру компаниясы, шет тілін үйрету мен оқытуда ең үздік оқулықтар мен ресурстарды әзірлейтін көшбасшы ұйым PERSON компаниясының ресми серіктесі. Бізбен бірге шет тілін үйреніп, әлемнің шекарасын бұзыңыз! Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 56-үй. «Қазақстан» бизнес орталығы. Байланыс нөмірі: 8 777 555 44 66.

Мәтінде тағы қандай нақты ақпараттар бар? (кемінде 2 ақпарат)

Решение:

Шет тілдер мектебі  «YES» деп аталады.

Курс Қарағанды қаласында ұйымдастырылады.

(Оқушының басқа да нақты жауаптары қабылданады.)