СОЧ № Казахский язык 5 класс

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазыңыз. Жазу барысында сөздердің қатесіз, орфографиялық нормаға сай жазылуына назар аударыңыз. (көлемі 100-120 сөз)
1) Сіз тіл үйрететін орталыққа ағылшын тілін үйрену үшін барып жүрсіз делік. Орталықта тіл үйрену сен үшін оңай әрі қызықты. Өзіңмен бірге сыныптас достарыңның да осы орталыққа баруын қалайсыз. Осыларды ескере отырып, тіл үйрету орталығын жарнамалаңыз.

2) Сізге белгілі бір фирманың киімдері ұнайды. Ол фирма өкілдері сізге сол фирманың киімдерін жарнамалауды ұсынды. Тұтынушылардың қызығушылығын оятатындай жарнама мәтінін ойластырыңыз.

3) Кейбір отбасында дастархан басына барлық отбасы мүшелері жиналмай ас ішілмейді немесе отбасы мүшелерінің туған күндері міндетті түрде атап өтіледі. Өзіңнің отбасыңдағы жақсы дәстүрлерді насихаттайтын жарнамалық мәтін жазыңыз.

Решение:

3) Біздің отбасымызда кешкі ас міндетті түрде барлығы үстел басына жиналғаннан кейін ғана ішіледі. Үстел басына отырардан алдын міндетті түрде барлығымыз ұялы телефонды жинастырамыз. Тек маңызды қоңырау болған жағдайда ғана сөйлесеміз. Себебі, үстел басында барлық отбасы мүшелері бір-біріне уақыт бөлгені дұрыс. Күндерін қалай өткізгендері жайлы бөлісуі керек.  Сонда отбасында мейірімділік, бірін бірі түсіну, береке көбейеді.