СОЧ № Казахский язык 5 класс

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Задание:

1. Екі мәтінді оқыңыз, бірінші мәтінде қарамен қоюланып көрсетілген сөздердің нені білдіретінін жазыңыз. Екінші мәтінмен салыстырып, олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
– Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
– Імм, қалай келдің дейсіз бе? Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүретінмін, кейін қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кеткенін өзім де білмей қалдым, иә. Мектеп кезінде суретке түсіру мен үшін бір (…) хобби болатын, АЛ ҚАЗІР нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
– Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
– Маған ба? ТАБИҒАТТА суретке түсіру қатты ұнайды, ал (…) студияда жарықтардың, көлеңкелердің қосындысын қолдану бір КЕРЕМЕТ әсер береді. Дегенмен де, ШІРКІН табиғаттың орны ерекше ғой!
– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
– ӘРИНЕ, ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам ӘЛІ ЕСІМДЕ. Сол уақытта (.) фотоаппартты несиеге сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы — суретті сапалы түрде шығару болды.

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.
1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.

Решение:

1-тапсырма

А мәтіні:

Қазір — ол осы уақытты көрсетеді

Табиғат- бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді

Керемет — бір заттың өте жақсы әсер қалтыруы

Шіркін — армандау сөзіне синоним, қалау

Әрине — ия, мақұл

Әлі есімде — уақыт өтсе де есімнен кеткен жоқ

Стильдері: А мәтіні белгілі бір тұлғамен алынған сұхбаттың тексті, ал Ә мәтіні ақпараттық хабарлама

Ерекшеліктері: А мәтінінен ақпарат алу қиын және аз, ал Ә мәтінінде ақпарат пен назар аудартқыш сөздер кездеседі

2-тапсырма

А мәтіні:

Не туралы: Ғалымжан Сәңкібаев дейтін фотографтан алынған сұхбат және сұрақ-жауап

Негізгі ақпарат: Осы фотографтың осы іске қалай келгені жайлы ақпарат беріледі

Қосымша ақпарат: Негізі елімізде атақты фотография саласында танылған жандар аз. Ал бұл мәтінде сондай бір адам тұралы мәлімет айтылады

Ә мәтіні:

Не туралы: Белгілі бір мекеменің адамдарды мерекелік шараға шақыру хабарламасы

Негізгі ақпарат: Осы іс-шараның өтетін орны, уақыты мен өткізілетін бағдарламалық концерттің анықтамасы

Қосымша ақпарат: Ұйымдастырушылар мен кімнің қатысуы тегін жайлы ақпарат