СОЧ № Казахская литература 6 класс

Назад
Казахская литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Төменде берілген тапсырманың біреуін таңдап орындаңыз, ойдың жүйелі берілуіне, тіл тазалығына көңіл аударыңыз.

1. «Аяз би» ертегісіндегі көтерілген мәселенің бүгінгі таңдағы рөлі қандай?» сыни пікіріңді білдіріп жазыңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.

2. Алып Ер Тұңға сияқты батырлардың ерлік істері мен олардың тарихтағы рөлін бағалап, сыни көзқарасыңызды білдіріңіз, ойыңызды дереккөздерге сүйеніп дәлелдеп жазыңыз.

3. «Әркімнің туған жері – Мысар шаһары» тақырыбында сыни хабарлама жазыңыз, оқыған шығармалармен байланыстырыңыз.

Решение:

3) Елбасымыз Н.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсеңде жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» — деп  туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» — деп бекер айтпаған ғой. Менің туған жерім Батыс Қазақстан, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында туып өстім. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер. Жылыой ауданының көркем бөлігі Жем өзенінің бойын жайылған Құлсары елді мекені ел сүйсінгендей-ақ.  Бар сырын ішіне бүгіп, бір жағында жым-жырт жатқан бұл ауылдың ойы мен қыры, орман-тоғайы, өзен-суы пернесін басып қалсаңыз сыр тербетіп, жыр қозғап кете барады. Дәл осы жерде менің көңілді де шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным, және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған ұзақ болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә…туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Қазір мен бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – мен үшін кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашығымын. Құлсары қаласында Аманқос Ершуов, Қонаш Қалдыоразұлы, Сәулеш Шәтенова, Болат Дәулетов секілді қаншама ақын, жыраулар дүниеге келген киелі жер. Өзімнің туған жерімді «Алтын үяң-Отан қымбат… Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», деп ерекше қадір тұтамын. Меніңше Пайғамбарымыз: «Адам өлген соң оның үш амалынан басқасы тоқталады. Олар жүріп тұратын садақасы (жол, мектеп, мешіт, көпір салу) пайдалы білім және қзіне дүға ететін салиқалы ұрпақ» — деген ұлағатты хадисін әрдайым өмірлік ұстанымға айналдырған екен.  Қазір пайдалы білім алып, елге пайдам тиіп жатса қуанамын