СОЧ № Казахский язык и литература 6 класс
Назад
Задание:
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, теңеу, эпитет сөздерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз. Жазба жұмысында сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне мән беріңіз.
1) Қазақ ұлттық қолөнері
Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Сізге қандай қолөнер бұйымдары ұнайды. Қалаған бұйымыңызды теңеу, эпитет сөздерін қолдана отырып, суреттеңіз.
2) Саяхат және туризм
Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Ойыңызды теңеу, эпитет сөздерін қолданып, суреттеу мәтіні түрінде жазыңыз.
Решение:
Қазақ халқының қол өнері ерте заманнан бастап дамыған. Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор