СОЧ № Казахский язык и литература 6 класс

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Задание:

Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, ауызша әңгіме құрастырыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер жүйесінің, оқиғалар желісінің болуын ескеріңіз. Баяндауда төмендегі байланыстырушы сөздерді қолданыңыз.
Байланыстырушы сөздер: Бірде, бір күні, сосын, содан соң, сөйтіп, сөйтсек… т.б.
1) «Естен кетпес саяхат» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Әңгіменің кейіпкері — екі дос.


2) «Әжемнің текеметі» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкері: әже мен немерелері.


3) «Жайлауда» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. Кейіпкерлері: ата, әже, қаладан келген немересі.

Решение:

Бір күні Байтерек дейтін ауылға жаңа көшіп келген екі отбасының балалары — Рақым мен Назар кездеседі. Олар бірден танысып тез тіл табысып кетеді. Кездескен кезде екеуі бір жаққа бармақшы болады. Бірақ Рақым Назардың осы ауылда көп уақыт тұрады деп ойлады, Назар да керісінше солай. Сосын екеуі де бір-біріне сенген бойда беттері ауған жаққа жүріп кетеді. Ауылдан алыстаған бойда, артқа баратын жолды ұмытып екеуі де сол кезде қателіктерін түсінеді. Адасқан екі бала әрі жүреді, бері жүреді — ауылға баратын жолды таба алмайды. Қараңғы түсе бергенде екеуі де қорыққандарынан жылап жібереді. Сол кезде алыс емес маңнан өтіп бара жатқан Жұмағұл малшы балалардың жылаған дауыстарын естіп қалады. Балаларды қасына ертіп, ауылдарына қайтарады. Осыдан кейін олар екеуі ауылдан бір қадам да алыстамайтын болды.