СОЧ № Казахский язык 6 класс

Назад
Казахский язык - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтіндерді өзара салыстырыңыз. Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1-мәтін
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп. Бала əкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, оған жеткен соң, əкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, əкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым — ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң жəне бір шие, онан біраз өткен соң жəне бір шие, сонымен əр жерде бір əкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында əкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, — деді.

2-мәтін
Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады. Осы мереке қарсаңында Ruh.kz порталы Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышевадан сұхбат алды. Отбасылық құндылықтар және Қазақстандағы отбасы институты туралы әңгімелесті.
— Айгүл Қуанышбайқызы, мереке құтты болсын! Халықаралық Отбасы күнінің маңызы қандай?
-мммм…. “Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталад”. Осы халық мақалы арқылы бүгінгі әңгімемді бастағым келед. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталад: туылу, тәрбиелеу, құндылық бағдарлары мен көзқарастарын қалыптастыру, дәстүрлерді беру, рухани-адамгершілік даму. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. … негізгі миссиясы мерекенің– қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
— Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметі туралы айта аласызба? Қандай бағыттар бойынша жұмыс істейсіз?
— …. мммм Бүгінгі таңда Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады және отбасын нығайту мен қазақстандықтардың әл-ауқаты бойынша ЖҮЙЕЛІ және КЕШЕНДІ жұмысжолға қойылған. Біздің орталықтың қызметі қоғамдық отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некенің маңыздылығын қолдауға және дамытуға бағытталған. ӨЙТКЕНІ, отбасын құрып қана қоймай, сенім, шыдамдылық, түсіністік пен өзара қолдауға негізделген бүкіл әлемді қалыптастыру МАҢЫЗДЫ.

Решение: