СОЧ № Казахский язык и литература 7 класс

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут). Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

1) Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
2) Қазіргі жастар бос уақытын қалай өткізеді?
3) Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?

Решение:

2) Қазіргі жастар бос уақытын қалай өткізеді?

— Ертең сабақтан соң дүкен араласақ, қалай қарайсың? Бос уақытың бар ма?

— Бос уақытым бар да, жоқ та десем болады.

— Қалай сонда?

— Негізі бос уақытым бар. Бірақ мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Сондықтан да «бос уақытым жоқ» десем де болады.

— Сенің сүйікті хоббиің бар екенін білмеппін …

— Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады. Менің сүйікті хоббиім — сурет салу.

— Сурет сала білген қандай керемет! Ал менің сурет салуға еш икемім жоқ …

— Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын. Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

— Алға қойған мақсатыңа жетуіңе тілектеспін! Онда дүкенді басқа күні аралайық. Мен де сүйікті хобби туралы ойланып көрмесем …