СОЧ № Казахская литература 7 класс

Назад
Казахская литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

  1. Жыраулар поэзиясындағы кейіпкерлер мен автордың бейнесін талдап, көнеден қалған жәдігерлердің тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, эссе жазыңыз.
    ___________________

Решение:

Қазтуған Сүйінішұлы батыр әрі жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады.