СОЧ № Казахская литература 7 класс

Назад
Казахская литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Задание:

Шығарманың көркемдігі автордың сөз шеберлігіне байланысты. Берілген шығармалардың қайсысы сізге эстетикалық әсер сыйлады? Көркемділік құндылығын талдап, шағын сыни шолу жазыңыз (100-120 сөз).

1) «Батыр Баян» поэмасы
2) «Көксерек» әңгімесі
3) «Жау тылындағы бала» повесі
4) «Тәмпіш қара» әңгімесі

Решение:

Жау тылындағы бала

 

Ұлы Ардагер, Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры, партизан Қасым Қайсенов атамыздың «Жау тылындағы бала» повесі 1961 жылы жазылған болатын. Бұл — ерлікке,адамгершілікке толы шығарма деп білемін. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Осы шығарманы оқи отырып өзім соғыста болғандай сезімде болдым. Шығарманың бас кейіпкері — Серік ата-анасынан жетім қалады. Осы бір жері көңіліме қатты батып, көзіме жас ұялатып, жүрегім мұңды күй кешті. Бірақ адамгершілігі мол Анна Ивановна оны өз алақанына алып, ұлы Бориспен біргі өсіреді. Боря өте ақылды,қайсар,адамгершілігі мол, ол Серікпен жақсы дос еді, екеуі жақсыны да, жаманды да бірге көріп өскен  балалар. Серік кішкентай болғанымен, шаруаға мығым, ересек адамдардың шаруасына бірден кірісе кететін бала. Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.