СОЧ № Казахский язык 8 класс

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жанры, жанрлық ерекшеліктері, құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырып кестені толтыр.

1-мәтін

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУЫ

К.Ə. Бияздықова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аннотация. Қазақ мəдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше белгісі дейміз. Қай заманда, қай халықта болмасын адам болмысындағы құндылықтар тақырыбы – аса өзекті мəселе, адам бойындағы рухани құндылықтар жүйесі – сол елдің дүние – танымының бейнесі. Мақалада қазақ мəдениеті мен ислам дінінде жатқан құнды идеяларды ортақ мəмілеге келтіре, қазақ елінің өркениетті қалыптасуына мəнді ақпараттар ұсынылады. Қазақ халқының ұлттық əдеп жүйесіндегі адамдық қарым-қатынастар, адамгершілік қасиеттер, рухани құндылықтар, мұраттар өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Қазақ мəдениетіндегі баға жетпес құндылықтар мен философиялық ойлар поэзия тілінде жатыр, сондықтан осы идеяларды түсіну үшін жүйелеу жəне жалпылық талдау арқылы ғана қазіргі жастардың рухани құндылықтарымен мəдениеті дамиды.
Түйін сөздер: құндылықтар, тəрбие, гуманизм, дəстүр, жаңалық, жауапкершілік

2-мәтін
Адами құндылықтар алға жетелейді
Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадір-қасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.
https://halyqline.kz/qogam/aleumet/adami-qundylyqtar-algha-zhetelejdi/

Решение:

Тақырыбы:1) ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУЫ
2) Адами құндылықтар
Жанр:1)мақала
2)эссе
Жанр ерекшелігі: мақала мен эсседе көтерілген мәселенің мазмұны мен сипатталды.
Құрылым:1)бас мақала
Негізгі ой
Сипаттау
Қорытынды
2)кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды ой
Рәсімделу: 1)Қазақ мəдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше белгісі туралы сурет берілді. Сандық деректер мен терминдер қолданылды.
2) Адами құндылықтар жайлы суреттелді. Көркемдеуіш сөздер қолданылды.