СОЧ № Казахский язык 8 класс
Назад
Задание:
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. «Әдебиет пен өнер болмаған жағдайда ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсіреповтің пікірін Сіз қалай түсінесіз? Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
Тазарғың келсе, театрға бар!
«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. «Бүгінгі таңда театр көрермендерінің мәдениеті төмендеп кетті» деген пікірмен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]
Көрерменің қандай, қазақ театры?
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?
Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.
Решение:
1. Өр халық, намысшыл ұлт, өнегелі ұрпақ
2.Мен бұл сөз дұрыс деп ойлаймын.Әдебиетсіз өнерсіз ұлт ұлы болмайды.Әдибиетсіз адам тәрбиелі өнерлі болмайды.Әдебиет адам баласың оқуға ,тәрбиеліккі ,шақырады.Әдебиетпен адам баласың сауатың,оқу дәрежесің түзейді.Әдебиеттен еркің ,жақсы ,мәнерімен сөйлеуді үйренуге болады.