СОЧ № Казахский язык и литература 8 класс
Назад
Задание:
Берілген тақырыптың бірін таңдап, интервью жазыңыз. Жазба жұмысында себеп-салдар, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. Сөз саны: 160-170.
Ғарышкерлер мерекесі қарсаңында сіздің мектебіңізде қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырылмақшы. Мектеп газетінің тілшісі ретінде ғарышкермен интервью жүргізіңіз. Интервьюде оқылым мәтініндегі ақпараттарды перифраздап қолданып, өз ойыңызбен дамытыңыз.
Решение:
— Сәлеметсіз бе, Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров! Сіздің бала кезден арманыңыз қандай еді?
— Сәлеметсіздер ме! Мен ұшқыш болғым келді. Сол арманымның жетегіне ере бердім.
— Ең алғаш әуеге қашан көтерілдіңіз, қандай әсерде болдыңыз!
— 1991 жылы ғарышқа алғаш ұштым. Маған ерекше нәрсе әсер етті. Ол қарияның бата беруі мен халықтың жиналғаны, ас асылып, мені қошеметтегені. Бұндай салт-дәстүр тек қазақтарда ғана бар.
— Сіз ұшу барысын тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ең алғаш рет қазақша рапорт беріпсіз!
— Иә, оған ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Ол өз қалауым болды. Себебі, қазақ тілі менің ана тілім.
— Ғарышқа қандай зымыранмен ұштыңыз және қанша уақыт сонда болдыңыз?
-«Союз ТМ -13» зымыранымен ұштым. Ғарышта өткізген мерзімім— 7 күн 22 сағат 13 минут.
— Сұхбатыңызға рахмет. Сау болыңыз!