СОЧ № Казахский язык и литература 8 класс

Назад
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Задание:

Бір сұраққа таңдау жасап, сол бойынша өз ойыңыз бен пікіріңізді білдіріп, дәлелді сөйлеңіз. Жұбыңыздың тақырыбы бойынша сөйлеген сөзін мұқият тыңдап, айтылған ақпарат бойынша 1 ашық сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрағына дәлелді әрі толық жауап беріңіз.
1) «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі
А) Үштілді ұрпақ тәрбиелеудің еліміздің болашағындағы рөлі қандай?
В) Сіздің болашақта еліңіз із үшін қандай пайдалы іс жасайсыз?

2) «Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті» бөлімі
А) Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы мәселелерді шешуде ықпалы қандай?
В) Айтыс өнерін қалай насихаттауға болады?

3) «Қазақстан — Байқоңыр-Ғарыш» бөлімі
А) Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға берудің еліміз үшін маңызы қандай?
В) Қазақстандық ғарышкерлердің ғарыш саласындағы жетістіктерінің маңызы қандай?

Решение:

2) «Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті» бөлімі

А) Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Ал айтыс өнерінің қоғамдық мәселелерді шешеудегі рөлі зор. Қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді осылай деп сынға алған ақындар елдің болашаққа деген сеніміне де сəттілік тілейді. Халықтың санасына серпін, жігеріне жалын беретін отты ойларды да ортаға салады дп оны шешудің жолдарын айта кетеді. Қоғамдық пікір қалыптастырудың басты шарты — шындық. Шынайы шындыққа көзі толық жетіп, оны сезінген бұқара халық өзі өмір сүріп отырған қоғамның бүгіні мен болашағын байыпты бағамдай алады. Сол арқылы келешекке қадам басып, көштерін түзейді. Кейде газеттен оқып, теле- дидардан айтылған ресми сөздерден гөрі халықтың жан-дүние, сезіміне зор əсер ететін насихат түрлері болады. Ондай руханият көзі — əрине, айтыс өнері екендігі ақиқат. Ақынның үн-əуезі, дауыс ырғағы, домбыра шертісі жоғарыда келтірілген жыр үлгілеріне үстеме мағына беріп, тыңдаушы- көрерменге зор əсер етеді. Бұл туралы біз зерттеу барысында жан-жақты айтып өткен болатынбыз. Ең бастысы, қоғамның көлеңкелі тұстары мен күнгейін көрсете отырып, айтыс ақындарының белгілі бір ойға-пікірге халық мүддесін топтастыра білуінде. Бұл тұрғыдан, сөз жоқ, айтыс өнері үлкен рухани ықпалға ие болды