СОЧ № Казахская литература 8 класс

Назад
Казахская литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Төменде берілген тапсырманың біреуін таңдап орындаңыз, ойдың жүйелі берілуіне, тіл тазалығына көңіл аударыңыз.

  • «Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?» тақырыбында Қорқыт нақылдарының рухани құндылығын талдап, бүгінгі таңдағы өзектілігін бағалаңыз.
  • Ахмет Йассауидың еңбегі негізінде «Дананың сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында материалдық және рухани құндылықтарды салыстырып, заманауи жаңашылдығына баға беріңіз.
  • Жыраулар поэзиясының тақырыбы мен идеясына талдау жасап, тарихы құндылығын анықтаңыз, бүгінгі заман келбетімен салыстырыңыз.

Решение:

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным-түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал — Қорқыт ата. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. «Әйел төрт түрлі болады», — депті Қорқыт. «Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі – ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір әйел». Әйел біткеннің ең жаманы – сол. Отбасының құты болған әйел даладан қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер мыңдап өссе де, көп емес, бәлкім аз. Сіздің ошағыңызға осындай әйелдер кез болсын