СОЧ № Казахский язык 9 класс

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «…біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін…, …өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
1. Кестені толтырыңыз.

2. Мәтінді құрылымына сай бөліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
• Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады?
• «Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?

4. Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз.
А. Очерк
В. Шешендік толғау
С. Шешендік арнау
Д. Баяндама

Решение:

1. 1. Фактор, қоғамдық келісім, құндылықтар, Мәңгілік ел, тәуелсіздік.
2. Бір ғана Отанымыз, «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін, тағзым да, мақтаныш та сенім де, «Мәңгiлiк Ел», сан мың жылдан бергі асыл арманы
3. Тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат, әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын

2. 1. Ел ішіндегі тұрақтылық…
2. Мәңгілік елге айналу үшін…
3. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың…
Жанры – мақала, шешендік сөз, стилі – публицистикалық

3. 1. Біз, Отанымыз, тәуелсіз елміз, әрқайсысымыз сезініп,
2. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де

4. C