СОЧ № Казахский язык 9 класс

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Задание:

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданып жазыңыз.

1. Қарулы қақтығыстардың құрбаны болып жатқан жеткіншектердің тағдыры әрбір саналы азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Балалық шағын ұрлаған олардан қарулы қақтығысты тоқтатуды талап етіп, бейбітшілікке шақыра отырып, мақала жазыңыз.

2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі болып табылады. Осы пікірмен келісу не келіспеу себептерін айқындап, эссе жазыңыз.

Решение:

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі болып табылады

Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет. Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс. Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді Минералдық ресурстар, өз кезегінде, аса маңызды табиғи ресурстар түрі, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз негізі болып табылады. Кез келген мемлекеттің, әсіресе Қазақстанның тұрақты дамуының шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді алға тартады, олардың арасында бірінші кезектегісі ұлттық резервтің негізі, ұлттық экономиканың барлық салаларының жеделдете дамуы үшін маңызды база — минералдық шикізат кешенінің жоғары әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады!