СОЧ № Казахский язык и литература 9 класс

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Берілген екі сұрақтың қайсысына жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (+) қойыңыз.

1                     2
A. Қазақ жазуының даму жолы
Қалалық байқауға қатысқалы жатырсыз делік. «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз.

B. Көшпенділер мәдениеті
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз.
__________________

Решение:

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.