СОЧ № Казахская литература 9 класс

Назад
Казахская литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдаңыз.
1. Би-шешендердің аталы сөздеріндегі ойлар қазіргі кезде өзекті ме? Өз ойыңызды талдап жазыңыз.
2. «Біржан мен Сара» айтысында көтерілген мәселелер Сараның жеке басына ғана тән бе? Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызды дәлел келтіре отырып жазыңыз.
3. Қазыбек бидің «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» сөздерінің тәрбиелік мәнін талдаңыз.

Решение:

1. Би-шешендердің сөздері әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Оған дәлел, Қазыбек бидің:

 

Алтын ұяң – Отан қымбат,

 

Құт берекең атаң қымбат,

 

Асқар таудай әкең қымбат,

 

Аймалайтын анаң қымбат,

 

Туып-өскен елің қымбат,

 

Ұят пенен ар қымбат, -деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр. Отанды, отбасыңды, елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген. Халқымыздың әр би-шешеннің сөзінде баға жетпес даналық ойлар бар.

2. Бұл айтыста көтерілген мәселе барлық қазақ әйелдеріне қатысты. Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі.

3. Адамға ең жақын, ең бағалы құндылықтарды дәріптеу мақсатында жазылған.