СОЧ № Казахский язык и литература 10ЕМН класс

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Задание:

Тілші: Біз Қазақстан сандық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында қала тұрғындарынан сұхбат алған болатынбыз.
Тілші: Сәлеметсіз бе, біздің қазақстандықтардың сандық сауаттылығына қандай баға берер едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім – Ерасыл. Менің ойымша, қазақстандықтардың басым бөлігі – сандық сауатты азаматтар. Оған дәлелім де бар. Жақында ғана теледидардан осыған қатысты жаңалық естідім. Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда интернет желісімен халықтың 72%-ы қамтылған екен, ал халықтың сандық сауаттылық деңгейі 74%-ды құрайтын көрінеді. Қазақстандағы электронды сауданың дамыған түрлеріне әуе билеттерінің электронды сатылымы, мобильді байланыс қызметтерінің төлемі, коммуналды төлемдерді төлеу, теміржол билеттерінің электронды сатылымын жатқызуға болады. Қолданушы үшін ыңғайлы, түсінікті бағдарламалардың жасалуы – электронды сауданың дамуына жол ашады. Екінші тұрғыдан халықтың уақытын үнемдеп, ұзынсонар кезекті көп көрмейтін боламыз.
Тілші: Сіздіңше, біздің еліміздің тұрғындары сандық тұрғыдан сауатты ма?
Сұхбат беруші: Менің атым – Айша. Меніңше, сандық сауаттылығы бар азамат –сандық коммерцияны пайдалана алатын, оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер алу қабілетіне ие, интернет картасын пайдалана білетін, интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орната алатын адам. Ал біздің қоғам қандай? Өткенде жалақымды алайын деп банкке кірсем, банкомат алдында есікке дейін кезек тұр, көптеген азаматтарымыз ақшаны қалай шешу керектігін білмей, банк қызметкерлеріне өтініш етуде. Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?

1. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Сөздер: электронды/банкоматтан/банк қызметкерлерінен/ көпшілігі/
1) Менің ойымша, қазақстандықтардың _____________________________ – сандық азамат.
2) Тұтынушыларға арналған бағдарламалар___________________ сауданың дамуына мүмкіндік береді.
3) Халық __________________ ақша шеше алмағандықтан, ……………………………….. көмек сұрайды.

2. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен беріңіз.

3. Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз._______________________

4. «Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?» деген сауал арқылы Айша не айтқысы келді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
____________________

Решение:

1. 1) Менің ойымша, қазақстандықтардың көпшілігі – сандық азамат.
2) Тұтынушыларға арналған бағдарламалар электронды сауданың дамуына мүмкіндік береді.
3) Халық банкоматтан ақша шеше алмағандықтан, банк қызметкерлерінен көмек сұрайды.

2.

3. Ықтимал жауап:
«Мен Айшаның пікіріне келісемін, себебі өмірден нақты дәлел келтіреді / Мен Айшаның пікіріне келіспеймін, себебі сандық сауаттылық пайызы өте жоғары»
«Мен Ерасылдың пікіріне келісемін, халықтың сандық сауаттылық деңгейі 74%-ды құрайды / Мен Ерасылдың пікіріне келіспеймін, себебі банкте кезекке тұру әлі де бар» (Білім алушының басқа да жауаптары ескеріледі)

4. Ықтимал жауап:
Айшаның айтқысы келгені қоғам сандық сауаттылыққа, білімді жетілдіруге талпынуы керек. Сандық сауатты халық заман талаптарына тез бейімделеді (осыған ұқсас жауаптар қабылданады).