СОЧ № Казахский язык 10ОГН класс

Назад
Казахский язык - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Ана тілін жетілдірудің бірден-бір әлеуметтік ұясы – білім беру жүйесі. Бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес. Кейбір қалаларда қазақ мектептері жеткіліксіз, аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да, аз бөлігі қазақ сыныптары болып отыр. Бұл қазақтың ұл-қыздарының өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде.
Жоғары білім беру саласында да студенттердің қазақ тілінде сөйлейтіндері кездесе бермейді. Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді. Орыстілді қазақ оқытушылары өзара да, студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі. 2 жыл бұрын еліміздегі белгілі университеттердің біріндегі қазақ және орыс тілі кафедралары қазақ тілін оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. Содан мысалдар келтіре кетейік. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы «өте жақсы» және «жақсы» деп, 75%-ы орта деңгейде, 14%-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. «Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11%-ы «орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен» десе, 56%-ы «отбасында, достарымен қазақ тілінде сөйлеспеу не аз сөйлесу» депті.

1. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз.
______________________

2. Мәтін қандай жанрда жазылған?____________________________
3. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз._____________________

4. Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
____________________

5. Мәтіннің құрылымын анықтаңыз.
I. Кіріспе______________________
II. Негізгі бөлім__________________
III. Қорытынды__________________

Решение:

  1. Публицистикалық стильдегі мәтін
  2. Жанры — мақала
  3. Бүгінгі күні қазақ тілінің деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. «Әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес» деп автор көрсеткендей, орыс тілінің үстем болып тұрғаны рас. Оны сауалнама нәтижесі көрсетіп отыр.
  4. Мәтін оқырманды ойландыру мақсатында жазған, мәтіннің аудиториясы жаппай көпшілік.
  5. Мәтіннің құрылымы толық сақталмаған. Тек кәрәспе және негізгі бөлімдерден тұрады.
    Кіріспе бөлім: Қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі
    Негізгі бөлім: Сауалнама нәтижесі