СОЧ № Казахский язык 10ОГН класс
Назад
Задание:
Екі бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер
1. Жергілікті журналға «Қазіргі таңда жаһандық мәселеге айналып отырған жастардың түрлі ағымдардың жетегінде кетуінің себебі неде?» деген тақырыпта мақала жазыңыз.
2. Сіз газеттен «Латын әліпбиі жаһандық ықпалдасуға жол ашады» деген тақырыпта мақала оқыдыңыз. Осы мақалаға өз пікіріңізді білдіру үшін газетке хат жазыңыз.
9-бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер
3. Сіздер мектепте қазіргі қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз.
Решение:
Латын әліпбиі жаһандық ықпалдасуға жол ашады
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.