СОЧ № Казахский язык и литература 11ЕМН класс

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі. Атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат – байытылған уран мен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан-теңіз.
АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкамия (ақ қан), ісік ауруы жиі кездеседі деген жалған түсінік бар. Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады. Ол АЭС-тің жаны болсын, табиғаты сұлу аймақ болсын, статистика бойынша бәрі бірдей. Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей, біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз, бірақ бұл да – даулы сұрақ. Өйткені көбіне жел станциялары су қоймалардың жанына салынғандықтан, ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады. Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі. Ал АЭС-тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен. Кейбіреулер АЭС-қа отын ретінде пайдаланылатын уран жақын болашақта сарқылады дегенді айтады. Бұл – түбегейлі қате пікір. Себебі уранның Жердегі мөлшері алтыннан 600 есе көп. Бұл – шамамен 500 жылдық қор деген сөз. Ол біткен күннің өзінде ғалымдар торий элементін химиялық өңдеуден өткізіп, одан оп-оңай уран ала алады. Ал торийдің қоры ураннан үш есеге дейін мол екенін айта кетейік. Атом энергиясының бағасы жөнінде көпшілік арасында әртүрлі ой бар. Бұл энергияның 10 пайызын ғана уранның бағасы құрайды. Оған әлемдік нарықтағы қойылған баға да мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты. (224 сөз)

1. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды белгілеңіз.

2.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

3.Мәтіннің жанрын анықтаңыз

4.Мәтіннен жанрға сай тілдік ерекшеліктеріне 3 дәлел келтіріңіз

5. Қазақстандағы атом энергетикасын дамытуға қатысты көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жеткізіңіз.

 

Решение:

  1. А, В, Д
  2. АЭС маңызы туралы ақпарат беру
  3. Мақала
  4. Сан есімдердің қолданылу мақсатын түсіндіру;
    Жалқы есімдердің қолданылу мақсатын түсіндіру;
    Етістіктердің негізінен ауыспалы осы шақта қолданылуы, т.б.
  5. Оқушының жауабы сұраққа ашық жауап беретіндей толық болса 2 балл, толық емес, жүйесіз болса, 1 балл беріледі.