СОЧ № Казахский язык и литература 11ЕМН класс
Назад
Задание:
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге қатысуға даяр тұрады. Жұмыссыздық – жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Жұмыссыздықтың түрлері:
Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Адамдардың жұмыс істемеген осы аралықтағы уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе, біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді.
Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл, әсіресе, қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
Циклдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді. (234 сөз)
1. Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.
2-4. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыз.
(наразы/ артуы/ тоқырау/ сұранысты/төңкеріске)
А. Жұмыссыздар санының …………………….. тауар мен қызметке ………………………… азайтады.
В. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ………………….. халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ……………………….қатысуға даяр тұрады.
С. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық …………………… кезінде бой көрсетеді.
5. Автордың идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
Решение:
- 1-В
2-Д
3-А
4-С - -4 А. Жұмыссыздар санының артуы тауар мен қызметке сұранысты азайтады.В. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден наразы халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір төңкеріске қатысуға даяр тұрады.
С. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық тоқырау кезінде бой көрсетеді.
5.Жұмыссыздықтың түрлері туралы ақпарат бере отырып, оның салдары туралы ой салу