СОЧ № Казахский язык и литература 11ЕМН класс

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Задание:

Әлемде түрлі ұйымдардың әйелдердің құқығын қорғау мақсатында талпыныс жасап жатқанымен, көптеген елдерде әлі күнге дейін олардың құқықтарына қатысты қол сұғушылық, әділетсіздік пен кемсітушілік орын алуда.
БҰҰ-ның бағдарламаларын орындаушылардың әлем елдеріндегі әйелдердің сауаттылығына қатысты деректеріне сай, дамушы елдерде әйелдер арасындағы сауатсыздықтың жоғарғы көрсеткіші мен оларға қатысты кемсітушілік көп қиындық тудырып отыр. Мысалы, Мали елінде әйел адамдардың тек 25 пайызы ғана сауатты, ал ерлер арасындағы сауатталық деңгейі – 43 пайыз. Чад елінде сауатты әйелдер мен ерлердің үлесі сәйкесінше 28 және 47 пайызды құрайды. Чадта бастауыш мектепті бітірген қыз балалардың тек 55 пайызы ғана орта мектепке бару үшін тіркеледі. Чадтан кейін Кот-д’Ивуар, Пәкістан мен Йемен елдері де қыз балалардың бастауыш мектептен орта мектепке өту алаңында гендерлік теңсіздікке тап болып отыр. Жоғары білім алумен қатар, сауаттылық та осы елдердегі оқу-білімнің ең маңызды бөлімдері ретінде әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздіктің құрбаны болуда. Тіпті дамыған елдерде де білім алу және жоғарғы оқуға түсуде әйелдердің ер адамдарға қарағанда озық болуына қарамастан, қызметке алу мәселесі көтерілген кезде әйелдер теңсіздікпен бетпе-бет келеді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметіне сәйкес көптеген елдерде әйелдер ерлермен бірдей дипломға ие болғанымен, кеңселерге қызметке алынбайды. Бұл елдердің барлығында кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің 80 пайызын ерлер құрайды. Гендерлік теңдік тұрғысынан жағдайы нашар саналатын елдерде ерлер әйелдерге қарағанда кем дегенде үш есе көбірек жұмыс күші ретінде қызмет етуде. Сонымен қатар осы елдердегі жұмыс істейтін әйелдердің басым бөлігі ерлерге қарағанда айтарлықтай мөлшерде төмен жалақы алады. Мысалы, Ливанда ерлер жылына 26 мың доллардан астам табыс тапса, әйелдердің бір жылдық жалақысы тек 7106 долларды құрайды. (243 сөз)

1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.
а. қабылданбайды-____________________
в. ахуал-___________________
2. Мәтіннен берілген сөздердің антонимін табыңыз.
а. теңдік-___________________
в. жоғары-___________________
3-4. Сөйлемдерді берілген сөзден бастап, мағынасын сақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз.
А. Чадта бастауыш мектепті бітірген қыз балалардың тек 55 пайызы ғана орта мектепке бару үшін тіркеледі.

Орта мектепке____________
В. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметіне сәйкес, көптеген елдерде әйелдер ерлермен бірдей дипломға ие болғанымен, кеңселерге қызметке алынбайды.

Көптеген_________

5. Мәтінді берілген аспектілер бойынша талдаңыз (әр аспект үшін 1 балл беріледі).

 

Решение:

  1. а. қабылдандайды – алынбайды
    в. ахуал – жағдай
  2. а. теңдік – теңсіздік
    в. жоғары – төмен
  3. -4А. Орта мектепке бару үшін Чадта бастауыш мектепті бітірген қыз балалардың тек 55 пайызы ғана тіркеледі екен.
    В. Көптеген мемлекеттерде әйелдердің ерлермен бірдей дипломы болса да, кеңселерге қызметке қабылдандайтынын дүниежүзілік экономикалық форумы мәлімдейді
    5.