СОЧ № Казахский язык 11ОГН класс

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, автор көзқарасын ғаламдық мәселелермен байланыстырыңыз. Оқырман ретінде пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

1-мәтін
Тұғырлы Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Еліміздің бірінші президенті – Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл – даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өкініштен өртенген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздік күні – ұлы күн. Бұл үлкен еңбек пен халықтар достығының нәтижесі. (249 сөз)

2-мәтін
Тәуелсіздігін жариялаған аз ғана уақыт ішінде Қазақстанды дүниежүзінің жиырмадан астам мемлекеті мойындады. Қазақстанның мемлекеттілігін ең алғаш мойындаған бауырлас ел – Түркия болса, АҚШ алғашқылардың бірі болып Қазақстанда өзінің елшілігін ашты.
1991 жылы тамызда еліміздің бірінші президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны түпкілікті жабылды. Сөйтіп ядролық қару-жарақты таратпау Қазақстанның сыртқы саясатындағы бейбітсүйгіш саясаттың басты бағыты болып қалды. Ал 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Сол жылы 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен алғаш рет сөз сөйлеп, бүкіл әлемге тәуелсіз елімізді жан-жақты таныстырды. Бұл біздің еліміздің бүкіл дүниежүзілік кеңістікте көзқарасын нығайтуына мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік елімізге сырттан қол сұғушылықтан қорғануға кепіл бола алады.
Бұған қоса, еліміздің Бірінші президенті 1992 жылы БҰҰ-ның кезекті алқалы жиынында Азия құрлығындағы мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтап қалу мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Бұл ұйым 2002 жылы маусым айында осы кеңестің Алматыда өткен алғашқы саммитінде түпкілікті рәсімделді. Кеңестің құрылғаны жөніндегі арнайы құжатқа Азияның 16 мемлекетінің басшылары қол қойып, қуаттады.
Ал 1994 жылы желтоқсанда Венгрияның бас қаласы Будапештте ядролық қаруы бар елдер Қазақстанның ядролық қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына кепілдік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп Қазақстан ядролық қаруларды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. Бұған қоса, көршілес Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түркіменстанмен мемлекеттік шекара анықталып, толық шегенделді. Бұған қоса, Ресеймен, Түркіменстанмен және Әзірбайжанмен Каспий теңізіндегі шекара да анықталып, белгіленді.
Сонымен қатар Қазақстанның ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО тәрізді аймақтық құрылымдарға, сондай-ақ ДСҰ-ға мүшелікке енуі біздің еліміздің Еуразия кеңістігіндегі белсенді сыртқы саясатын айқындай түсті. Дүниежүзінің сарапшылары Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы көшбастаушы ғана емес, аймақтағы іргелі ел ретінде мойындауда. (259 сөз)

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра