СОЧ № Казахский язык 11ОГН класс

Назад
Казахский язык - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]

Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.
Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur – мәдениет» деген ұғымнан шыққан. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз.
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың, әсіресе, жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша тарихына тоқталсақ:
ХХ ғасырдың 30 жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар – мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рахаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер болды.
Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика. Готика мәдениеті ХХ ғасырдың 70 жылдары панктермен қатар пайда болды. Олар панктерге өте ұқсас, тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, христиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп, ал бет-әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да «эмошылар» белең алған. Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар эмошылар қайғылы өлең оқығанды ұнатады.
Яппилер – белсенді қызмет ететін жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады.

1. Мәтін қандай стильде жазылған? Дәлелдеңіз. _____________________________

2. Мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазыңыз._____________________________

3. Мәтінде айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі қолданылған? Мысал келтіріңіз_________________

4. Мәтінде етістіктер қай шақта қолданылған? Мысалдар келтіріңіз.
___________________________

5. Мәтінде ғылыми стильге тән қандай шартты белгі кездеседі? Дәлел келтіріңіз_____________________________

Решение: