СОР № 1 Всемирная История 5 класс Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?

Назад
Всемирная История - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?

Задание:

Төмендегі берілген мәтінді және картаны пайдалана отырып:
— Хаммурапи патшаның Вавилонға бағындырған мемлекеттерді анықтаңыз;
— Хаммурапи патша кезіңдегі Вавилон шекарасындағы өзгерістерді талдаңыз.

Хаммурапи б.з.б. 1792 — 1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде ежелгі дүниедегі талантты елбасыларының қатарына қосылды. Хаммурапи қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қол астына бағындырды. Сөйтіп, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығын құрады. Хаммурапи ол елдердің құдыретті билеушісіне айналады.

 

 

 

Решение:

Вавилон (лат. Бабyлон, Аккадша: ????, Шумерше: ???? — КА2.ДЫНГЫР.РА -Бāбілі(м), яғни «Тәңірі қақпасы» деген мағынада, көне грекшеΒαβυλών) — [1] Қос өзен бойындағы ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады