СОР № 1 Всемирная История 5 класс Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?

Назад
Всемирная История - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?

Задание:

Төмендегі мәтінді және суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беріңіз:
Шэнси провинциясының солтүстiгiндегi Сиань қаласынан 8099 терракот мүсіндері мен олардың аттары табылған. Ол әлемнің сегізінші кереметі аталды. Б.з.д. 259-210 жылдары билік еткен Цинь Шихуан императорының мүсінді әскері. Мүсіншелерді сомдауға мыңға жуық адам жұмылдырылған.
Ерекше сапалы құм пайдаланған. Ол күйдіргеннен кейін тастай қатты болып қалған. Жұмыс он жылдай уақытқа созылған. Ғалымдар әр әскердің бейнесі тірі адамның түрімен бейнеленген деп санайды. Шындығында мыңдаған мүсін бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Түрі, эмоциясы, шашы, киімдері әрқайсысында ерекше.
Сонымен қатар, терракот әскерімен бірге император 70 мың жұмысшыларды отбасымен қоса, үш мыңдай күңді алып кеткен. Терракот әскерінің қазба және жаңғырту жұмыстары бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Табылған сынықтар қалпына келтірілуде. Аты аңызға айналған императордың моласында қанша керемет құпия бүгіп жатқаны белгісіз.
1) Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды?
2) Цинь Ши Хуанди деген кім?
3) Ол қандай өзгерістер жасады?
4) Цинь империясының саяси құрлымын атаңыз?

 

 

Решение:

1) Қытайды бір орт-қа бағындырған тұңғыш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды

2)Ответ:Цинь Шихуанди қытай императоры.

3)Цинь Шихуанди 17 жыл бойы бытыраңқылықта өмір сүрген Қытай жерін бір орт-қа бағындыру жолында күрес жүргізді. Б.з.б. 221 ж. Қытайдағы 6 патшалықты өзіне бағындырып, ұлы билеуші — Цинь Шихуанди — “Циньнің бірінші императоры” деген атпен бір орталыққа бағынған біртұтас Қытай мемлекетін құрды. Бұл сол замандағы аса үлкен мемлекет еді. Цинь Шихуанди қатаң тәртіпке, шексіз билікке негізделген әміршілдік жүйе енгізеді. Ол ішкі саясатында егіншілік кәсіпке барынша қолдау көрсетті. Ал қолөнер мен сауда жекеменшік сипатқа ие болды. Мемлекеттің қайтадан ыдырап кетуіне жол бермеу үшін елде бірыңғай заң реформасын жасады. Ортақ ақша жасап, өлшем бірліктерін, жазуды бірыңғай жүйеге келтіреді.

 

4)Цинь империсының сыртқы саясаты. Цинь империясының саясаты Шихуанди ежелгі Қытай патшалықтарын біріктірумен шектеліп қоймай, ол енді солтүстікке де, оңтүстікке де шабуыл ұйымдастыруды жалғастырды