СОР № 1 Всемирная История 5 класс Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады?

Назад
Всемирная История - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады?

Задание:

Картаны пайдаланып Александр Македонскийдің жаулап алуы нәтижесінде картада болған өзгерістерге талдау жасаңыз

Решение:

Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.

Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуды қалаған. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген.