СОР № 1 География 5 класс Заттардың жіктелуі

Назад
География - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 2 четверть

Заттардың жіктелуі

Задание:

1. Тәжірибелерді техника қауіпсіздік ережелерін сақтап мұқият орындаңыз.
Тәжірибе 1. Әр түрлі заттардың суда ерігіштігін зерттеу.
Бес химиялық стакандарға бірдей мөлшерде әр түрлі заттарды салыңыз: ас тұзы, құм,
қант, өсімдік майы, спирт. Бірдей мөлшерде су құйыңыз. Сәлден кейін нені байқадыңыз?
Қорытындыны кестеге түсіріңіз.

2. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз.
Жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар – электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылысымен байланысты. Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар жасауда, т.б. кеңінен қолданылады. Бейметалдар жылу мен токты өткізбейді, суда нашар ериді. Олар сұйық, газ күйінде кездеседі.
Мәтіндегі ақпараттар негізінде заттарды металдар мен бейметалдарға жіктеңіз.

Металдар:_______________________________________________
Бейметалдар: ________________________________________

Решение:

 

2.

Металдар: алюминий, мыс, темір

Бейметалдар: оттегі, күкірт, көмір