СОР № 1 География 5 класс Энергия түрлері мен көздері

Назад
География - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Энергия түрлері мен көздері

Задание:

1. Суретте табиғаттағы энергиялардың өзара айналымы берілген. Мәтіндегі көп нүктенің
орнына берілген тірек сөздердің ішінен қажеттісін қойыңыз.
Тірек сөздер: ішкі энергиясына, химиялық энергияға, энергиясы, механикалық, химиялық,
жел , органикалық заттар.
Дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті
оның ……………. деп аталды. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да
бірнеше түрі бар.
Күн сәулесінің энергиясы өсімдіктердің жапырақтарымен сіңіріледі. Осы орайда
өсімдіктерде күрделі ……………….. реакциялар жүреді. Оның нәтижесінде ……………….. ……….
түзіледі. Яғни күн сәулесінің энергиясы ……………. ………….. айналады.
Күн сәулелерінде белгілі бір энергия қоры бар. Күн сәулесі жерге түсіп оны
қыздырады. Сол кезде күн сәулесінің энергиясы жер бетіндегі топырақ пен денелердің
…….. …………… айналады. Жер бетінен қызған ауа массалары қозғалысқа келіп ……. пайда
болады. Осы орайда ішкі энергия ……………… энергияға айналады.
Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден
екінші түрге айналады.
2. Төмендегі берілген суреттер бойынша энергияның өзара айналымына мысалдар
келтіріңіз.

Решение:

Тірек сөздер: ,,,, химиялық,

,

Дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның  энергиясы деп аталды. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар.

Күн сәулесінің энергиясы өсімдіктердің жапырақтарымен сіңіріледі. Осы орайда өсімдіктерде күрделі химиялық  реакциялар жүреді. Оның нәтижесінде органикалық заттар түзіледі. Яғни күн сәулесінің энергиясы энергияға айналады.Күн сәулелерінде белгілі бір энергия қоры бар. Күн сәулесі жерге түсіп оны қыздырады. Сол кезде күн сәулесінің энергиясы жер бетіндегі топырақ пен денелердің ішкі энергиясына айналады. Жер бетінен қызған ауа массалары қозғалысқа келіп жел пайда болады. Осы орайда ішкі энергия механикалық энергияға айналады.

 

2.Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрденекінші түрге айналады.