СОР № 1 История Казахстана 5 класс Ботай мәдениеті

Назад
История Казахстана - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Ботай мәдениеті

Задание:

Мәтіннен ботайлықтарда мал шаруашылығы дамығанын көрсететін дәйектерді табыңыз. Ботайлықтарда мал шаруашылығының дамуын сипаттаңыз.

Энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті «Ботай мәдениеті» деп аталады. Бұл атау сол маңдағы Ботай қоныстарына байланысты қойылған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізілді. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Өзен жағасында ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған.
Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштарының көптеп табылуы ботайлықтардың аңшылықпен айналысқандығын көрсетеді. Жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашау, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуіне қарағанда қолөнер де дамыған. Ғалымдарды табылған жылқы сүйектерінің көптігі таң қалдырды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай жылқылары бұрыннан белгілі жылқылар түріне жатпайтын болып шықты. Ғалымдар бірауыздан Ботай жылқылары қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылып келген еді. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Ғалымдар Ботай қонысы Еуразия даласындағы мал шаруашылығы орталығы болған деген пікірге келді.

 

 

Решение:

Дәлел: ботай тұрағынан жылқы сүйегінің көптеп табылуы

 

Жалпы ботай тұрағы мал шаруашылығы дамыған мекен болып табылады. Себебі мұнда ең алғаш жыл қолға үйтетілді