СОР № 1 История Казахстана 5 класс Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері

Назад
История Казахстана - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері

Задание:

Төменде берілген наным-сенімдердің анықтамасын сипаттаңыз.

1.Тотемизм –

2. Анимизм –

3. Фетишизм –

4. Магия —

Решение:

Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі. Бұл атау Солтүстік Америкада тұратын оджибве тайпасының “ототем – оның тегі” сөзінен шыққан. Зерттеушілер тотемшілдікті адамдардың тұрмыс-салтында ерекше орны бар жануарларды киелендіріп, қасиетті деп санауымен, тіптен табынуымен байланыстырады.Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.

Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.

Фетишизм — (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) — көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық — синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш — қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады.

Магия (лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.