СОР № 1 Всемирная История 6 класс Ғылыми революция
НазадҒылыми революция
Задание:
Н.Коперникке «Орта ғасырлар кезеңінде ашылған ғылыми жаңалықтардың маңызы» тақырыбында хат жазыңыз
Решение:
Орта ғасырдағы Орта Азия елдерінің көрнекті ғұлама ғалымдары: Әбу Райхан Бируни, әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, әл-Фараби т.б.
Осы ғасыр кезенде әдебиет пен сәулет өнері дамыған.
Орта ғасырдағы атақты ақындардың бірі »’Фирдоуси»’ (940-1030) болды. Парсы, тәжік халқының ұлы ақыны атанған ол «Шахнама» поэмасын жазу үшін 30 жылдан астам уақытын жұмсады. Бұл шығармада өз елін жаулап алушыларға қарсы халық құресі баяндалады, аты аңызға айналған батырлардың ерліктері мадақталады. Ақын «өмірлік нанын өз еңбегімен табушылар» туралы құрметпен жазады.ХЫ ғасырда Қарахан дәуірінде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалымдардың бірі Жүсіп Баласағұни болды. Оның 1069 жылы жазылған атақты шығармасы, ХЫ ғасырдағы түрік әдебиетінің ескерткіштері қатарына жататын «Құтадғу білік» — «Құт негізі — білік» поэмасы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат болып табылады.
Бейнелеу өнері де өркендеді, ХВ-ХВЫЫ ғасырларда Самарқан, Бұхара қалаларында кітап миниатюрасы дамыды. Осы кезендегі Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап миниатюрасы және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі көрнекті орын алды. ХЫВ ғасырдың соңында — Әмір Темір дәуірінде Орта Азияда қала салу, суландыру жүйелерін құру, керуен сарайлар, медреселер, діни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. Олардың санатында сол дәуір сәулетшілерінің тамаша туындысы — Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Ол құрылысты Темір бастап салғызып, Ұлықбек аяқтаған. Ортағасырлық Орта Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениетке өз үлесін қосты