СОР № 1 История Казахстана 6 класс Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Назад
История Казахстана - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Задание:

Мәтінге және өз біліміңізге сүйеніп, Түрік қағанатының сыртқы саясатындағы әр бағытының маңыздылығын сиппаттап кестеге толтырып жазыңыз.

Түріктер әрісі Бумын, берісі Мұқан қағанның тұсында жужандарды бас көтерместей етіп жеңді. Түріктер өз биліктерін батыс бағытта да жүргізе бастайды. Осы жорықта Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмен әскерді басқарды. Ол күшпен ху елін (соғдылықтарды) жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына қарай жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көріп, жорықтарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Оларды он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін ) қағанат ішінде өзара соғыс басталды.

Решение:

Батыс түркілері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түркілері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды.

Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен жүргізген қиян-кесті соғыстың нәтижесінде 682 жылы Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған Қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Шығыс Түрік қағанаты (682-744)- Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты.