СОР № 1 География 7 класс Зерттеу және зерттеушілер

Назад
География - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Зерттеу және зерттеушілер

Задание:

Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз
Қазақстандағы топырақ түрлері

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның аумағының 86%-ын жазықтар алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).

Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ — орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы — дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қарашірік) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

Қара қоңыр (каштан) топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қарашірік) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы (қарашірігі) азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Сұр қоңыр топырақты зона қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіншілік қана тиімді.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатынан оңтүстіктегі Алатау өңірлеріне дейінгі аралық 1500-1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейінгі 3000 км-ге жуық өңірлерді әр түрлі топырақ жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзіліп, орналасуы географиялық зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерін алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі көлденең зоналық заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерін алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — биіктік белдеулік заңына сәйкес болады.

Решение: