СОР № 1 Алгебра 7 класс Статистика элементтері
НазадСтатистика элементтері
Задание:
Топтық жұмыс
Мұғалімге нұсқау: бірнеше топқа көркем шығармадан немесе пәндер интеграциясын
қолдану үшін, энциклопедиялардан әртүрлі бір абзац беріліп дауысты дыбыстардың
кездесуін А3 парағына статистикалық кесте түрінде көрсету тапсырылады. Жасалынған
жұмысты топ алдында қорғайды. Бағалау критерийлерін оқушылардың өздеріне құрғызуға
болады.
Берілген абзацтағы дауысты дыбыстардың кездесуін статистикалық кесте түрінде көрсетіңіз:
Мысалы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді:
Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа
мінейік деп асық-қанды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-
атпастан өзі оятып тұрғызып еді.
Немесе танымдық материал ретінде:
Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған
атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі
жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің
төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі
Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-
ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені
және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей
шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.