СОР № 1 Биология 7 класс Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (Микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).

Назад
Биология - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (Микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).

Задание:

Суретке мұқият қараңыз.

(а) 1, 2, 3 сандарымен белгіленген экожүйе түрін анықтаңыз. Әр түрлі экожүйедегі тірі
ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін
болжаңыз. Жауабын кестеге жазыңыз.

(b) Өзіңіз тұратын өлкенің мысалында жергілікті экожүйе ерекшелігін сипаттаңыз.
_____________________
(с) Жергілікті экожүйеге тән ағзаның (өсімдік немесе жануар) тіршілік әрекетіндегі
бейімделушілікке мысал келтіріңіз
_______________________

Решение:

(а).

(b) 1. Дала экожүйелері дәнді дақылдары басым периодты
қуаңшылыққа төзетін жұқа өсімдік жабынымен
сипатталады.
2. Далада тамыр массасы жерүсті жасыл массасынан 10
есе жоғары болуымен ерекшелінеді. Мұны далааяғымен жоғары орман деп те атайды (степь — это
\»лес — вверх ногами\»).
3. Дала органикасы тез трансформациялануыменжинақталу немесе минералдануымен ерекшелінеді.

(с) Дала фаунасы

  • Ұсақ омыртқалы жануарлар кесіртке, жылан , кейбір кемірушілер қысқы ұйқыға кетеді, ал ірі сүтқоректілер оңтүстік аудардарға орын ауыстырады, ал құстардың көпшілігі қыста ұшып кетеді.
  • Пампада ірі шөпқоректі жануарлар тіршілік етеді. Негігі түрі –гуанако (өркешсіз түйе), пампа бұғылары сақталған. Далаларға тән құстар –бозторғай, дуадақ.
  • Бауырмен жорғалаушылардан кесіртке, қара жылан мекендейді. Прерияларда аномис техас жыланы тіршілік етеді.
  • Жырқыш құстардан бүркіттер, дала бүркіті, қырандар мекендейді.

Дала флорасы

Орманды дала

  • Дала өсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі кездеседі) және көп сатылы болып келеді.
  • Өсімдік түрі маусым ішінде де өзгеріп отырады: көктем мен күз аралығында селеу, көде, қоңырбас, бидайық,сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ, шытыр, т.б.) мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк, қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты бұталар кездеседі.
  • Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа біршама төзімді өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т.б.) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз, қылқан селеу жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына көп тараған.
  • Орман мен дала биомдарының арасында орманды дала зонасы және орманды дала орналасқан.
  • Оның ең басты артықшылығы — далалы аймақтармен салыстырғанда орманды далалар ылғалданған болып келеді.
  • Орманды далалардың ерекше климаттық жағдай онда өсетін өсімдік жамылғысының өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл зоналарға ірі жапырақты ормандар тән.