СОР № 1 Биология 7 класс Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйенің алмасуы.

Назад
Биология - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйенің алмасуы.

Задание:

Суретке мұқият қараңыз.

(а) Экологиялық сукцессия ұғымын түсіндіріңіз
____________________________________________________________
(b) Экологиялық сукцессия түрлеріне мысал келтіріңіз
____________________________________________________________
(с) Экологиялық сукцессия үдерісінің жүру кезеңдерін ретімен жазыңыз.
____________________________________________________________

Решение:

(а) Белгілі бір аумақтағы биоценоздардың табиғат факторларының немесе адам әрекетінің әсерінен бірізді ретпен ауысуы экологиялық сукцессия деп аталады..

(b) Бірінші және екінші реттік сукцессиялар болады.

Бірінші реттік сукцессия бұған дейін тіршілік болмаған, өнім бермейтін ортадан басталады. Бұл опырылудан немесе көшкіннен кейінгі тау беткейлері, құм қайраңдары, жанартаулық аралдар болуы мүмкін.

Екінші реттік сукцессия табиғи құрылымы бұзылған экожүйе орнын баяу қалпына келтіру процесінен басталады. Оған су-қоймасында, иесіз қалған егістікте (далада), шалғында, өртенген, кесілген орман орнында, батпақта өсетін өсімдіктер мысал бола алады.

(с) Екі жағдайда да алғашында организмдердің қарапайым бірлестігі түзіледі, олар экожүйеде алуан түрлі организмдердің мекендеуі үшін қолайлы жағдайдың біртіндеп қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бірінші реттік сукцессиялар аумағында өсетін алғашқы өсімдіктер -қыналар мен мүктер. Олар алғашқы топырақты түзеді, ол топырақта басқа өсімдіктер, негізінен, шөптесін өсімдіктер өседі. Өсімдік бірлестігі алуан түрлі болған сайын орта әсері жақсарады, бірақ организмдер арасында жарыққа, суға, қоректік заттарға бәсекелестік күшейе түседі. Шөптесін өсімдіктерден кейін бұталар өсіп, олардың тамыры түзілген топырақты бекітеді. Біраз уақыттан кейін алғашқы ағаштар пайда болады. Осы уақытта бұл аумақта жануарлар мекендей бастайды. Өсімдіктер мен жануарлар бірлестіктері қоршаған ортамен тепе-теңдікке жеткенше осы ортаның жағдайларына бейімделген, толысқан бірлестіктер қалыптасқанша біртіндеп күрделене береді. Сол сияқты өз кезегінде бірлестіктер де қоршаған ортаға әсер етеді. Бірлестіктердің сукцессия кезеңдерімен жылжуы барысында, әдетте, барлық түрдің қорекке, баспанаға, қалдықтарды жоюға қажеттілігін қамтамасыз ететін өсімдіктер мен жануарлар санының және аурулар деңгейінің реттелуіне бірлестікті динамикалық тепе-теңдікке бастайтын механизмдер дамиды. Табиғатта бұл процестің барлығы жүздеген жылдар бойы жүзеге асады.