СОР № 1 Биология 7 класс Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.

Назад
Биология - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.

Задание:

Суретке мұқият қараңыз.


(а) Антропогендік фактор ұғымын түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________
(b) Суретті пайдаланып, адам мен экожүйе арасындағы байланысты сипаттаңыз.
____________________________________________________________________
(c) Адамның экожүйенің бір бөлігі екенін дәлелдеңіз.
____________________________________________________________________

Решение:

(а) Антропогендік фактор — адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері..

(b)Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы — қазіргі қоғамды толғандыратын ең өзекті мәселе. Табиғат — адамның мекен ету ортасы. Адам жер қойнауынан мұнай, газ, кен және құрылыс материалдарын алып, оны тұрмыста пайдаланады. Адам өмір сүру үшін өсімдік және жануар тектес азық-түліктер қажет. Осылайша адам табиғаттың тұтынушысы болып табылады.

(c) Экожүйе — тұрақты күйге ұмтылатын, өзін-өзі реттейтін жүйе. Соның өзінде адамның шаруашылық іс-әрекеті экожүйені өзгертетін күшті фактор болып табылады. Әсіресе соңғы уақытта кәсіпорындардың, ауылшаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың өсуіне байланысты адамның экожүйеге әсері күшейе түсті.

Экожүйеге адамның іс-әрекеті тура (өсімдіктерді жинау кезінде таптау, қаскерлікпен айналысу) және жанама (шаруашылық іс-әрекеттің нәтижесінде даралардың тіршілік ортасын өзгертуі немесе мүлдем жойылып кетуі) әсер етеді.

Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде экожүйенің өзгеруіне орманның кесілуі, тың жерлердің егістік үшін жыртылуы, батпақтардың құрғатылуы, өзендерде бөгеттердің салынуы, ірі жолдардың (магистральдар) жасалуы мысал бола алады.