СОР № 1 Биология 7 класс Микро (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

Назад
Биология - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Микро (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

Задание:

(а) Тірі ағзалар үшін маңызды микроэлементтер және
макроэлементтер тізімін жасаңыз.
(b) Mикро- және макроэлементтердің тірі ағзалар
тіршілігі үшін маңызын сипаттаңыз.

Решение:

Э(а) Макроэлементтер: натрий, калий, кальций, магний, хлор, фосфор, сера, водород, углерод, азот, кислород.

Микроэлементтер: железо, цинк, марганец, медь, хром, селен, йод, фтор, кобальт, бор..

(b) Тірі организмдердің 98%-ы төрт элементтен: оттек, көміртек, сутек және азоттан тұрады, өйткені олар нәруыздар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары тәрізді негізгі органикалық заттардың құрамына кіреді. Көміртек, сутек, оттек атомдары барлық заттар молекулаларының негізгі «қаңқасын» түзеді (құрылыс материалы). Азот, фосфор, көміртек, оттек және сутек нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Олар тұқымқуалаушылық белгілерінің берілуін және жасушалардың қайта қалпына келуін жүзеге асырады. Бұл элементтер энергетикалық зат — АТФ-тің құрамында да болады. Сутек жер бетіндегі ең көп таралған суды құраушы зат болып табылады. Тірі организмдердің көптүрлілігі олардың жасушаларында алуан түрлі нәруыз молекулаларының және нуклеин қышқылдарының болуымен байланысты деп айтуға болады. Сондықтан оттек, сутек, көміртек, азот макроэлементтер деп аталатын топты құрайды. Бұған күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір де кіреді (оларға жасуша құрылымының 1,9% -ы тиесілі).

Организмдер жасушаларында өте аз мөлшерде (0,01%-дан аз) тіршілік үшін маңызды элементтер кездеседі. Олар микроэлементтер тобын құрайды. Бұлар: мырыш, молибден, мыс, фтор, бор, марганец, алюминий және т.с.с. Осы элементтердің қандай да біреуінің пайыздық мөлшері оның организмдегі маңыздылық көрсеткіші болып табылмайды. Олардың біреуінің жетіспеушілігі не артық болуы организмнің тіршілігіне, іс-әрекетінің бұзылуына, аурулардың дамуына әкеліп соқтырады. Мысалы, өсімдіктердің бор деп аталатын элементті қажет етуі 0,1 — 0,04 мг-ды құрайды. Топырақта ол жетіспеген жағдайда өсімдіктерде жемістер мен тұқымдардың түзілуі кешігеді. Гүлдену болған күннің өзінде де түйіндерінің жаппай түсуі орын алады. Азық құрамында йодтың жетіспеушілігі адамда зоб ауруының дамуына әкеледі. Табиғатта организм жасушаларына белгілі бір элементтерді жинақтайтыны байқалған. Осылайша теңіз орамжапырағы судан йодты өзіне сіңіреді. Мыс устрицалар мен сегізаяқтардың барлық мүшелерінде болады. Бұл микроэлементтердің қандай да бір маңызды іс-әрекеттерді орындауы үшін организмдер тіршілігіне қажет екендігін көрсетеді.